Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 25 сәуірі күні аудандық мәслихаттың тұрақты  комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Оған аудандық мәслихаттың 11 депутаты, БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қыдырбаев Мейрамхан Иманбазарұлы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, Жымпиты, Бұлдырты ауылдық округтерінің әкімдері А.Баяндыков, Е.Макашев қатысты.

Аудандық мәслихаттың кезекі сессиясына аудандық мәслихаттың депутаттары, облыстық мәслихат депутаты Г.Нурмуханов, аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілі қатысты.   

Аудандық мәслихаттың тұрақты  комиссияларының  бірлескен  отырысы  шақырылып, оған аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Т.Даргужиев, комиссия мүшелері Б.Тасқалиев, Р.Ихсанова, С.Берсебаев, аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық  мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы А.Дүйсенғалиев, комиссия мүшелері С.Тоқмамбетов, А.Ниязгалиева, және аудандық мәслихаттың ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия мүшелері Ж.Шапешов, Д.Тайшиев, мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева, аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсенов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев,  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  басшысы М.Қайырғалиев, аудандық Қорғаныс істер бөлімінің запастағы офицерлер жөніндегі инспекторы Е.Жасыбаев, аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Л.Муканова қатысты.  

05.04.2018 жыл

 

Сырым аудандық Қоғамдық кеңестің төралқасы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-Ү Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысына сәйкес аудандық Қоғамдық кеңестің шығып қалған 1 мүшесінің орнына, олардың өкілеттіліктерінің қалған мерзіміне сайлау туралы конкурс жариялайды.

Бүгін аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы болып өтті.

 2018 жылдың 20 наурызы күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІҮ-ші сессиясы болып өтті.