Ағымдағы жылдың 25 сәуірі күні аудандық мәслихаттың тұрақты  комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Оған аудандық мәслихаттың 11 депутаты, БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қыдырбаев Мейрамхан Иманбазарұлы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, Жымпиты, Бұлдырты ауылдық округтерінің әкімдері А.Баяндыков, Е.Макашев қатысты.

 

 

Отырысты аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты  комиссия төрағасы Т.Даргужиев ашып жүргізді.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР:

1. Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №22-1 «2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

 

 

2. 2017 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу есебі туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3. 2017 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі туралы.
Хабарламашы: Қыдырбаев Мейрамхан Иманбазарұлы - БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

 

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы.
5.  Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 18 сәуірдегі №18-2 «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы.
6. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 18 сәуірдегі №18-3 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалып, сұрақтар қойылып, талқыланды. Хабарламашыларға мәселелер бойынша сессесияда хабарлама жасау туралы қаулылар қабылданды.