Құрметті достар! 

Сырым аудандық мәслихатының ресми интернет-сайтына қош келдіңіздер!

Аудандық мәслихат «Электрондық үкімет» бағдарламасын жүзеге асыру барысында осы сайтты аша отырып, мәслихат пен оның депутаттарының аудан тұрғындарымен байланыстары дамып тереңдеуіне зор үміт артады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, одан әрі даму перспективалары, аудандық мәслихаттың және оның органдарының қызметі туралы барынша толық ақпаратты әрбір сайтқа келуші ала алады. Аудандық мәслихаттың шешімдері мен нормативтік-құқықтық актілері туралы ақпарат сайтта орналасқан. Сіз депутаттардың, тұрақты комиссиялардың атқарған жұмысы туралы толық ақпартты алумен қатар, аудандық мәслихаттың қызметі, барлық атқарылып жатқан іс-шаралар туралы уақытылы біле аласыз. Сонымен қатар, Сіз өзіңіздің талап-тілектеріңізді, сұрақтарыңызды жолдап, өз пікіріңізді айтып, мәселеңізбен бөлісе аласыз.

Біз экономиканың және әлеуметтік саланың динамикалық дамыған, үлкен өзгерістер кезеңінде өмір сүреміз. Жыл санап еліміздің әрбір азаматы лайықты өмір сүруіне және ертеңгі күнге деген сенімі артып келеді.

Қазіргі таңда халықтың барлық жігінің өмір сапасын жақсартуға, ауданның дамуына барлық мүмкіндік бар. Барлығымыздың игілігімізге жұмыс жасау, бір бағытта қозғалу - алға қарай дамудың, көркеюдің және табыстардың кепілі.

Сырым аудандық мәслихатының ресми сайты хабар қайнары және оған келушілердің сенімді көмекшісі бола отырып, аудан тұрғындарының кең қатысуымен жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелерін шешуге ықпал етеді деген үміттемін.

Құрметпен,

Сырым аудандық мәслихатының хатшысы

Дуйсенгалиева Шынар Сайлауқызы