Жаңалықтар
Бүгін "Нұр Отан" партиясы Сырым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде № 2 Қарасу сайлау округінің депутаты С.Тоқмамбетов азаматтарды қабылдады.
"Нұр Отан" партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Т.Даргужиев Қособа ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында ҚР "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңына сәйкес аудандық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, мәслихат депутаттары, округ әкімдері, мекеме басшылары, дербес бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.
Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді. Әсіресе ауыл тазалығын сақтау өте маңызды шаруа екені айтпаса да түсінікті. Ауылды таза ұстау арнайы мамандарға да, ауыл тұрғындарына да жүктелген міндет.
2018 жылдың 25 сәуірі күні аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі кеңейтілген тұрақты комиссия отырысы болып өтті. Отырысқа аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева, аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов, ауылдық округ әкімдері, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев және күн тәртібіне байланысты мекеме басшылары мен бас маман-есепшілер қатысты. Отырысты аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева ашып жүргізді.
Ағымдағы жылдың 25 сәуірі күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы болып өтті. Оған аудандық мәслихаттың 11 депутаты, облыстық депутат Ғ.Нурмуханов, аудан әкімі Т.Турегалиев, БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Қыдырбаев, мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.