Ағымдағы жылдың 25 сәуірі күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы болып өтті. Оған аудандық мәслихаттың 11 депутаты, облыстық депутат Ғ.Нурмуханов, аудан әкімі Т.Турегалиев, БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Қыдырбаев, мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияға №4 Бұлан сайлау округінен депутат Б.Хамидуллин төрағалық жасады. Сессия аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес жүргізілді.
Күн тәртібінде ауылдық округтердің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы, 2017 жылға арналған бюджеттің орындалуы туралы, 2017 жылғы бюджеттің орындалуы жөнінде облыстық тексеру комиссиясының есебі туралы, округтік және учаскелік комиссия мүшелерінің орнын толықтыру туралы мәселелер қаралды, шешім жобалары дауысқа қойылып, қабылданды.