2018 жылдың 25 сәуірі күні аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі кеңейтілген тұрақты комиссия отырысы болып өтті. Отырысқа аудандық мәслихаттың депутаттары,  аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева, аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов, ауылдық округ әкімдері, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев және күн тәртібіне байланысты мекеме басшылары мен бас маман-есепшілер қатысты. Отырысты аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева ашып жүргізді.

 

 

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе - БҚО тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындысы және 2016-2020 жылдарға арналған Сырым ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуы барысындағы мақсатты және нысаналы индикаторлардың орындалу барысы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мұса Кеңесұлы хабарлама жасады. Кейін осы аудит нәтижесі бойынша мақсатты индикаторлары орындалмаған мекеме, бөлім басшылары түсіндірмелерімен хабарлама жасады. 

Ауданның дамыту бағдарламасы бойынша талдау нәтижесінде орындалмаған индикаторлардың орындалуы қатаң бақылауға алынып, бюджеттің игерілуі жөнінде алты айдың қорытындысымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына қосымша хабарлама жасау тапсырылды.