Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы шақырылып, оған аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Т.Даргужиев, комиссия мүшелері Б.Тасқалиев, Р.Ихсанова, С.Берсебаев, аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы А.Дүйсенғалиев, комиссия мүшелері С.Тоқмамбетов, А.Ниязгалиева, және аудандық мәслихаттың ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия мүшелері Ж.Шапешов, Д.Тайшиев, мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева, аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсенов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Қайырғалиев, аудандық Қорғаныс істер бөлімінің запастағы офицерлер жөніндегі инспекторы Е.Жасыбаев, аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Л.Муканова қатысты.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
- Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №21-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Экономика және қаржы бөлімінің коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі жұмысы туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3.Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы.
Хабарламашы: М.Қайырғалиев - аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
4.Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы №14-4 «Сырым ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.
5.Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі №4-3 «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.
6.Сырым ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы.
Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.
7.Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы19 тамыздағы №14-4 «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.
8.Сырым ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы.
Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.
9.Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жастарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне шақыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы.
Хабарламашы: Е.Жасыбаев – аудандық Қорғаныс істер бөлімінің запастағы офицерлер жөніндегі инспекторы.
10.Ауданда Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың орындалуы туралы.
Хабарламашы: Л.Муканова - аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы.
11.«Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы.
12.«Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы»
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы.
Күн тәртібіндегі мәселелер тыңдалып, талқыланды, тиісті қаулылар алынды.