2018 жылдың 20 наурызы күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІҮ-ші сессиясы болып өтті.

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 12 депутат, аудан әкімінің орынбасары Ахметов Ерболат Әжмұхамбетұлы, дербес бөлім, мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Сессияны №7 Бұлдырты сайлау округінен депутат Таскалиев Болат Ықыласұлы ашып жүргізді.   

 

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселе қаралды:

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №22-1 «2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: М.Шалабаев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

 

Сессия аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес жүргізілді.