Бүгін аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы болып өтті.

 

Оған Қоғамдық кеңестің төралқасының мүшелерімен қатар аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы  М.Шалабаев,  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ө.Аменов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ергазиева қатысты. 

 

Отырысқа Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы  – Дүйсенғалиев Асхат Габдилгазезұлы төрағалық етті.

 

Отырыстың күн тәртібіне төмендегідей

мәселелер  ұсынылып қаралды:

 

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №21-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Сырым ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы.

Хабарламашы: Ө.Аменов –аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  1. 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы.

Хабарламашы: З.Ергазиева –аудандық білім беру бөлімінің басшысы.

  1. «Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы.

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.

  1. Басқа жаққа қоныс аударуына байланысты, берген өтінішіне сәйкес Бұлдырты ауылының тұрғыны, зейнеткер Ахметкалиев Қаленді аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелігінен босату туралы.

Хабарламашы: А.Дуйсенгалиеваудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы.