Аудандық мәслихаттың кезекі сессиясына аудандық мәслихаттың депутаттары, облыстық мәслихат депутаты Г.Нурмуханов, аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілі қатысты.
КҮН ТӘРТІБІ:
- Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №21-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы.
- Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы №14-4 «Сырым ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі №4-3 «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Сырым ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы19 тамыздағы №14-4 «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Сырым ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы.
- «Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалып, шешімдер қабылданды.