Сырым аудандық мәслихат аппаратының ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлға:
Макашев Ерлан Кабдолуапович – аппарат басшысы – 871134-31-122

Материалы

 

   Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

 

 

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..  

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

 

Тегі, аты-жөні

Лауазымы

Байланыс

телефондары

1.Батырниязов Джулдыбай Джанатауович

Мәслихат аппаратының басшысы 31-122

2.Ахметов Меңтай Төлегенұлы

Бас маман 31-122

3.Орашева Алмагуль Мутигуллина

Бас маман-заңгер 31-165

4.Бакияева Эльвира Жарасовна

Бас маман-есепші 31-165

5.Кадирова Гульнур Амангельдиевна

Бас маман

31-122

 

 

 

Фамилиясы, аты-жөні

Лауазымы

Лауазымдық міндеттері

Батырниязов Джулдыбай Джанатауович

Мәслихат аппаратының басшысы

1.Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерін жүзеге асырылуын және орындалуын бақылау қызметін үйлестіріп отырады, облыстық және аудандық мәслихат қабылдаған өкімдерінің, облыс және аудандық сессиялардың шешімдерінің орындалуын бақылау

2.Сырым ауданы мәслихаты мәжілістерін дайындау, жұмыс регламентін сақталуын қадағалау

3.Сырым ауданы мәслихат аппараты кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру

4.Сырым аудандық мәслихат аппаратының ауылдық округ әкімдерімен өзара әріптестігін қамтамасыз ету

5.Аудан әкімі аппаратымен өзара байланыс мәселелері

6.Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау

7.Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселері

8.Сырым аудандық мәслихат аппаратында орындаушылық тәртіп мәселелері

9.Азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады

10.Жергілікті атқарушы органдармен, мекемелермен және бөлімдермен байланыс жасау

Ахметов Меңтай Төлегенұлы

Бас маман

1.Мәслихат депутаттарының қалыпты жұмыс жасауына жәрдемдесу

2.Аудандық мәслихаттың жұмыс регламентінің сақталуын қадағалау.

3.Тұрақты комиссиялардың жұмысын қадағалау (жұмыс жоспары,

хаттамаларын жүргізу, мәжілістерін өткізу т.б.)

4.Тұрақты комиссиялардың отырысына әзірлік.

5.Тұрақты комиссиялардың қаулыларының орындалуы жөнінде келесі тұрақты комиссиялардың отырыстарында хабарлама берілуін қадағалау.

6.Мәслихат депутаттарының сұранымдарымен жұмыс жасау.

7.Аудандық мәслихаттың істер номенклатурасына сәйкес, мемлекеттік

мұрағатқа тапсыруға құжаттар дайындау.

8.Негізгі қызмет мәселелері бойынша облыстық мәслихатпен, аудан әкімі аппаратымен, мекемелермен хат алмасуларын жүргізу.

9.«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының аудан мәслихатындағы депутаттық фракцияның жұмысын үйлестіру.

10.Депутаттармен оқулар өткізу.

11.Ұжыммен адамдармен жұмыс істей білу, депутаттармен, мекеме басшыларымен байланыста болу, мониторинг және аналитикалық ақпараттық жұмыстарының әдістері мен түрлерін білу.

Орашева Алмагуль Мутигуллина

Бас маман-заңгер

1.Аудандық мәслихаттың жұмыс регламентінің сақталуын қадағалау.

2.Заңдылықты сақтау, аудандық мәслихат сессиясының, комиссиялардың қабылдаған шешімдерінің заң шеңберінде болуын қамтамасыз ету.

3.Аудандық мәслихат сессияларының құжаттарын әзірлеу.

4.Аудандық мәслихат сессияларының жұмысын ұйымдастыру.

5.Аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің тіркеуге жататын құжаттарын Әділет Департаментіне тіркеуге ұсыну.

6.Аудандық мәслихат хатшысының қолданымдағы Заңдарға сәйкес өкімдерін дайындау.

7.Тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерді баспасөзге жариялайды.

8.Тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актіні тіркелім журналына (реестр) тіркеу, оларға талдау жасау.

9.Сырым аудандық мәслихаттың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді қолдануын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау тұрғысында үнемі мониторинг жүргізіп отыру.

10.Мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерді тіркейтін тізілім (мониторинг) журналына жауапты.

11.Сессия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету.

12.Уақытылы прокуратураға, Әділет басқармасына,Әділет Департаментіне есептер беру.

13.Шағым арыздармен жұмыс жасау. Оларды заңда көрсетілген мезгілде жауап берілуін қадағалау. ОЙЛ-1 бағдарламасы бойынша жұмыс жасау және тиісті органдарға уақытылы есеп беру.

14.Мемлекеттік құпия құжаттармен жұмыс жасау.

15.Мәслихат жұмыс жоспарын жасап бекітуге ұсыну.

16.Мәслихаттың істер номенклатурасын түзеп мемлекеттік мұрағат филиалымен келісу.

17.Ұжыммен адамдармен жұмыс істей білу, депутаттармен, мекеме басшыларымен байланыста болу, мониторинг және аналитикалық ақпараттық жұмыстарының әдістер мен түрлерін білу.

Бакияева Эльвира Жарасовна

Бас маман-есепші

1.Мәслихат депутаттарының қалыпты жұмыс жасауына жәрдемдесу

2.Аудандық мәслихаттың жұмыс регламентінің сақталуын қадағалау.

3.Аудандық мәслихат аппаратындағы бекітілген қаржының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.

4.Бухгалтерлік есепті жүргізеді.

5.Қаржының жұмсалуын қадағалайды.

6.Мәслихат аппараты мен депутаттарын материалдық жағынан қамтамасыз ету (кеңсе тауарлар, жанар-жағар май т.б.)

7.Тиісті төлемдерді уақытылы аудару.

8.Кәсіби білімін үнемі жетілдіру.

9.Лимиттің сақталуын қадағалау

10.Жауапты лауазымды және материалдық жауапты тұлғалар ауыстырылған кездегі қабылдау-тапсыру актілерін толтыру.

Маратова Салтанат Оспановна

Бас маман

1.Мәслихат депутаттарының қалыпты жұмыс жасауына жәрдемдесу

2.Аудандық мәслихаттың жұмыс регламентінің сақталуын қадағалау.

3.Сессияға әзірлік жұмыстары

4.Сессия шешімдерінің орындалуы жөнінде келесі сессияларда хабарлама берілуін қадағалау.

5.Мәслихат депутаттарының тізімін жүргізу.

6.Аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын толтыруға және еңбек кітапшаларын тіркеу журналын жүргізуге.

7.Аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің уақытылы біліктілігін жетілдірулерін және аттестациядан өтулерін бақылауға.

8.Аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің тоқсандық және жылдық есебін тапсырады.

9.Мәслихат аппараты қызметкерлерінің жеке істерін қадағалап, өзгерістерді уақытылы енгізіп отыру.

10.Мәслихат хатшысының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру.

11.Ұжыммен адамдармен жұмыс істей білу, депутаттармен, мекеме басшыларымен байланыста болу, мониторинг және аналитикалық ақпараттық жұмыстарының әдістері мен түрлерін білу.

12.Сырым аудандық мәслихатының ресми сайтымен жұмыстанып, қажетті ақпараттарды уақытында жіберу, оған уақытында толықтырулар мен өзгерістер енгізіп отыру

Батырниязов Жолдыбай Жаңатауұлы 1958 жылы туған, білімі жоғары, Батыс Қазақстан облысы ауылшаруашылығы институтының зооинженерлік факультетіне оқуға түсіп, 1980 жылы аталған оқу орнының бітіріп зоотехник мамандығын алған. Еңбек жолын 1980 жылы Жымпиты ауданы Абай атындағы қой совхозында зоотехник-селекционер болып бастаған. 1981 жылдың желтоқсан айында Жымпиты аудандық комсомол комитетінің екінші, 1982-1987 жылдар аралығында бірінші хатшысы болып сайланып еңбек еткен. 1987-1989 жылдары аудандық партия комитетінің ұйымдастыру, үгіт-насихат бөлімдерінде нұсқаушы, 1989 жылы мамыр айында Абай атындағы совхозы партия комитетінің хатшысы болып сайланып, 1991 жылға дейін еңбек еткен. 1991-1994 жылдар аралығында Абай атындағы қой совхозы директорының өндірістік істері жөніндегі орынбасары, №1 бөлімше меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1994 жылдың сәуір айынан 2000 жылдың маусымына дейін Сарой ауылдық округінің әкімі, 2000-2001 жылдың қазанына дейін Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 2001-2006 жылдың желтоқсанына дейін Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2006 жылдың желтоқсан айынан Сырым ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2008 жылдан 2012 жылдың мамыр айына дейін Сырым ауданы әкімінің орынбасары. 2012 жылдың мамыр айынан бастап күні бүгінге дейін Сырым аудандық мәслихат апаратының бөлім меңгерушісі, аппарат басшысы.

 

Лауазымдық нұсқаулық:

 

Жалпы ережелер

1.1. Сырым ауданыдық мәслихат аппаратының басшысы

1.2 Сырым аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сырым ауданы мәслихат хатшысына бағынып, бұйрықтары мен тапсырмаларын орындауды басшылыққа алады, Сырым аудандық мәслихат аппаратының жұмысын үйлестіріп отырады.

1.3 Сырым аудандық мәслихат аппаратының басшысы аппарат қызметкерлеріне тапсырмалар мен методикалық нұсқаулар береді.

1.4 Осы лауазымдық қызметтің атқарушылық міндетін ұйымдастыру жұмыстарын аппараттың бас маманы атқара алады.

1.5 Сырым аудандық мәслихат аппаратының басшысы лауазымға аудан әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының ұсынбасымен Сырым ауданы мәслихат хатшысының өкімімен тағайындалып, қызметтен бостылады.

1.6 Сырым аудандық мәслихат аппаратының басшысы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Заңдарын, өз қызметі шеңберін реттейтін нормативтік актілері, мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен жарлықтарын, ішкі тәртіп ережелерін, мәслихат аппаратының ережесін, Регламентін және осы лауазымдық нұсқауды басшылыққа алады.

 

2.Сырым аудандық мәслихат аппараты басшысының құқықтары

(лауазымның атауы)

2.1. Осы лауазымдық берілген міндеттерді орындау мақсатындағы жұмыстарың жетілдіру бағытында ұсыныстар енгізу

2.2. Бағынышты қызметкерлерге тапсырмалар беріп, орындалуын бақылау

2.3. Лауазым уәкілеттігі шеңберінде басқа ұйым, мекемелермен сыртқы байланыстарға шығуға

2.4. Өз лауазым шеңберінде бұйрықтар мен ақпараттық хабарламаларға қол қою құқығы

2.5. Мына мәселелерді дербес шешуге:

2.5.1. өзінің жұмысын жоспарлау;

2.5.2. бас мамандардың жұмысын жоспарлау;

2.5.3. аппарат қызметкерлерін мадақтауға ұсыныс.

2.5.4. аппарат бойынша бұйрықтар шығаруға, нұсқаулар бекітуге

 

3.Сырым аудандық мәслихат аппараты басшысының міндеттері

(лауазымның атауы)

3.1. Аудан әкімі аппаратымен өзара байланыс мәселелері

3.2 Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерін жүзеге асырылуын және орындалуын бақылау қызметін үйлестіріп отырады, облыстық және аудандық мәслихат қабылдаған өкімдерінің, облыс және аудандық сессиялардың шешімдерінің орындалуын бақылау мәселелері

3.3 Сырым ауданы мәслихаты мәжілістерін дайындау, жұмыс регламентін сақталуын қадағалау

3.4 Сырым ауданы мәслихат аппараты кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырады

3.5 Сырым аудандық мәслихат аппаратының ауылдық округ әкімдерімен өзара әріптестігін қамтамасыз етеді

3.6 Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері

3.7 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселері

3.8 Сырым аудандық мәслихат аппаратында орындаушылық тәртіп мәселелері

3.9 Азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады

3.10 Жергілікті атқарушы органдармен, мекемелермен және бөлімдермен байланыс

 

4. Сырым аудандық мәслихат аппараты басшысының жауапкершілігі

(лауазымның атауы)

4.1. Функционалдық міндеттерің мүлтіксіз орындауға;

4.2 Аппарат қызметкерлерінің жұмыстарын уақытылы орындауына

4.3 Жұмыс жоспардың орындалуына

4.4 Сырым аудандық мәслихат аппараты туралы Ережесінің және жұмыс Регламентінің сақталуына

4.5 Бекітілген материалдарды, техникалық және қаржы қорларының тиімді пайдалануына.