Батырниязов Жолдыбай Жаңатауұлы 1958 жылы туған, білімі жоғары, Батыс Қазақстан облысы ауылшаруашылығы институтының зооинженерлік факультетіне оқуға түсіп, 1980 жылы аталған оқу орнының бітіріп зоотехник мамандығын алған. Еңбек жолын 1980 жылы Жымпиты ауданы Абай атындағы қой совхозында зоотехник-селекционер болып бастаған. 1981 жылдың желтоқсан айында Жымпиты аудандық комсомол комитетінің екінші, 1982-1987 жылдар аралығында бірінші хатшысы болып сайланып еңбек еткен. 1987-1989 жылдары аудандық партия комитетінің ұйымдастыру, үгіт-насихат бөлімдерінде нұсқаушы, 1989 жылы мамыр айында Абай атындағы совхозы партия комитетінің хатшысы болып сайланып, 1991 жылға дейін еңбек еткен. 1991-1994 жылдар аралығында Абай атындағы қой совхозы директорының өндірістік істері жөніндегі орынбасары, №1 бөлімше меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1994 жылдың сәуір айынан 2000 жылдың маусымына дейін Сарой ауылдық округінің әкімі, 2000-2001 жылдың қазанына дейін Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 2001-2006 жылдың желтоқсанына дейін Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2006 жылдың желтоқсан айынан Сырым ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2008 жылдан 2012 жылдың мамыр айына дейін Сырым ауданы әкімінің орынбасары. 2012 жылдың мамыр айынан бастап күні бүгінге дейін Сырым аудандық мәслихат апаратының бөлім меңгерушісі, аппарат басшысы.

 

Лауазымдық нұсқаулық:

 

Жалпы ережелер

1.1. Сырым ауданыдық мәслихат аппаратының басшысы

1.2 Сырым аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сырым ауданы мәслихат хатшысына бағынып, бұйрықтары мен тапсырмаларын орындауды басшылыққа алады, Сырым аудандық мәслихат аппаратының жұмысын үйлестіріп отырады.

1.3 Сырым аудандық мәслихат аппаратының басшысы аппарат қызметкерлеріне тапсырмалар мен методикалық нұсқаулар береді.

1.4 Осы лауазымдық қызметтің атқарушылық міндетін ұйымдастыру жұмыстарын аппараттың бас маманы атқара алады.

1.5 Сырым аудандық мәслихат аппаратының басшысы лауазымға аудан әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының ұсынбасымен Сырым ауданы мәслихат хатшысының өкімімен тағайындалып, қызметтен бостылады.

1.6 Сырым аудандық мәслихат аппаратының басшысы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Заңдарын, өз қызметі шеңберін реттейтін нормативтік актілері, мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен жарлықтарын, ішкі тәртіп ережелерін, мәслихат аппаратының ережесін, Регламентін және осы лауазымдық нұсқауды басшылыққа алады.

 

2.Сырым аудандық мәслихат аппараты басшысының құқықтары

(лауазымның атауы)

2.1. Осы лауазымдық берілген міндеттерді орындау мақсатындағы жұмыстарың жетілдіру бағытында ұсыныстар енгізу

2.2. Бағынышты қызметкерлерге тапсырмалар беріп, орындалуын бақылау

2.3. Лауазым уәкілеттігі шеңберінде басқа ұйым, мекемелермен сыртқы байланыстарға шығуға

2.4. Өз лауазым шеңберінде бұйрықтар мен ақпараттық хабарламаларға қол қою құқығы

2.5. Мына мәселелерді дербес шешуге:

2.5.1. өзінің жұмысын жоспарлау;

2.5.2. бас мамандардың жұмысын жоспарлау;

2.5.3. аппарат қызметкерлерін мадақтауға ұсыныс.

2.5.4. аппарат бойынша бұйрықтар шығаруға, нұсқаулар бекітуге

 

3.Сырым аудандық мәслихат аппараты басшысының міндеттері

(лауазымның атауы)

3.1. Аудан әкімі аппаратымен өзара байланыс мәселелері

3.2 Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерін жүзеге асырылуын және орындалуын бақылау қызметін үйлестіріп отырады, облыстық және аудандық мәслихат қабылдаған өкімдерінің, облыс және аудандық сессиялардың шешімдерінің орындалуын бақылау мәселелері

3.3 Сырым ауданы мәслихаты мәжілістерін дайындау, жұмыс регламентін сақталуын қадағалау

3.4 Сырым ауданы мәслихат аппараты кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырады

3.5 Сырым аудандық мәслихат аппаратының ауылдық округ әкімдерімен өзара әріптестігін қамтамасыз етеді

3.6 Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері

3.7 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселері

3.8 Сырым аудандық мәслихат аппаратында орындаушылық тәртіп мәселелері

3.9 Азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады

3.10 Жергілікті атқарушы органдармен, мекемелермен және бөлімдермен байланыс

 

4. Сырым аудандық мәслихат аппараты басшысының жауапкершілігі

(лауазымның атауы)

4.1. Функционалдық міндеттерің мүлтіксіз орындауға;

4.2 Аппарат қызметкерлерінің жұмыстарын уақытылы орындауына

4.3 Жұмыс жоспардың орындалуына

4.4 Сырым аудандық мәслихат аппараты туралы Ережесінің және жұмыс Регламентінің сақталуына

4.5 Бекітілген материалдарды, техникалық және қаржы қорларының тиімді пайдалануына.