14.09.2022 жыл. Жанар-жағар май бағаларына мониторинг жалғасуда.

 Бүгін "AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы аудан орталығында орналасқан 5 жанар-жағар май бекеттеріне барып, бағаларына сараптама жұмыстарын жүргізді. Барлығы да Самара-Шымкент халықаралық трассасының бойында орналасқан. Сараптамаға қарасақ А-95 бензині Helios, Sinooil, QazaqOil жанар-жағар май бекеттерінде литрі 204 теңгеден болса, НЕФТЕК те - 239 теңге, Мега Ойл Орал бекетінде - 235 теңгеден. Орташа бағасы ауданда 217 теңгеден келеді. Ал, Аи-92 маркалы бензиннің бағасы үш бекетте 172 теңгеден болып тұр. Дизельдік отынның бағасы үш (SINOOIL, QAZAQ OIL, MОСКВИЧИ) жанар-жағар май құю бекетінде қазақстандық жүк көліктеріне литрі 260 теңгеден, шетелдік жүк көліктеріне литрі 450 теңгеден. Литрдің көлемі шектеулі бір транспортқа 100 литрден ғана беріледі. Ал газдың бағасы литрі 60 теңгеден. Мұндай сараптама жұмыстары алдағы уақытта да жүргізіледі.