Бүгін «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалының жанын құрылған партиялық бақылау пост мүшелері төрайымы Ш.Дүйсенғалиева Алғабас ауылдық округінде болып, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аудандық жол картасының 30.3 тармағына сәйкес Алғабас, Қарағанды ауылдарына жүргізіліп жатырған таза ауыз су құрылысының барысын қарап, бақылау жұмыстарын жүргізді. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырған "СМУ ШЫҒЫС" ЖШС-і бекітілген жоспарға сәйкес, сапалы орындауда. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталғанға дейін партиялық бақылау посты мүшелері үнемі бақылау шараларын жүргізетін болады.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/953-25-08-2022-zhyl-rylys-zh-mysna-partiyaly-ba-ylau.html#sigFreeIdc218b94d5a