«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының жол картасында биылғы жылы Көздіғара және Жырақұдық ауылдарында жоспарланған спорт алаңдары қолданысқа берілді. Көздіғара ауылында шілде айының басында іске қосылса, Жырақұдық ауылында спорт мерекесі қарсаңында пайдалануға беріліп спорт сүйер қауымды үлкен қуанышқа бөлеп отыр. Өз жұмыстарын сапалы, әрі уақытылы аяқтаған мердігер Жайық Сити ЖШС-не партия филиалы тарапынан алғыс білдіреміз. Спорт алаңының ашылуына аудан әкімі, "AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Т.Төреғалиев, аудандық маслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, Қособа бастауыш партия ұйымының төрағасы, округ әкімі Б.Жаймановтар қатысты. Салтанатты шарадан кейін шағын футболдан 20-ға жуық команда қатысқан доп додасы өткізілді.