Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде аудандық және ауылдық округтардың 2021 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы болды. Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары мен ауылдық округ әкімдері, кейбір мекеме, бөлім басшылары және облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Б.Хамидуллин қатысты. Баяндамашылар тыңдалып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылды. Облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Батыржан Жалитович бюджетті жоспарлаудағы, орындаудағы кемшіліктердің алдын алу бағытында ұсыныс-пікірлерін айтып түсіндірді.