Кеше аудандық мәслихат депутаты, мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева "AMANAT" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында Бұлан ауылының тұрғыны, көпбалалы ана, тыл ардагері Мұханбетжанова Халима анамызды 95 жасқа толуымен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Халима апа 1927 жылы 28 наурызда дүниеге келген. 13 жасынан бастап еңбекке араласқан. Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткен. ҰОС Жеңісіне 50 жылдығынан бастап мерекелік медальдарімен марапатталып келеді. 1946 жылы тұрмысқа шығып, 10 бала дүниеге әкеліп тәрбиелеп өсірген "Батыр ана", бақытты ана.