Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.
Отырыста аудандық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы; ауданның әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы; ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер туралы мәселелер тыңдалды. Жастарды ауылға тарту, тұрақтандыру мақсатында басқа сала мамандарына қолданылатын жеңілдіктер барлық жастарға қолданылса деген пікір айтылды. Жымпиты ауылдық округінің әкімі М.Каиргалиевке округ бойынша көшелерді жарықтандыру, көше тазалығы, көше жолдары мен жаяу жүргіншілер жолын салу қажеттілігі туралы сұрақтар қойылып, талқыланды.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/896-13-04-2022-zhyl-komissiya-otyrysy.html#sigFreeId49e470e0e8