Бүгін Бұлдырты ауылында Сырым аудандық маслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, аудандық AMANAT партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Дарғожиев, депутаттар Ж.Кенжебаев, А.Ниязғалиева, Е.Байдашев, аудандық мекеме басшыларының қатысуымен көшпелі қоғамдық қабылдау, тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті. Бұлдырты ауылдық округінің негізгі мәселелері бойынша хабарламаны ауыл әкімі С.Нұрпейсов жасаса, аудандағы «Ветеринария туралы» заңның орындалуы туралы мекеменің басшысы А.Журалиев, «Аудандық кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық бөлімінің атқарған қызметі туралы» бөлім басшысы Р.Усағалиев және аудандағы «Жұмыспен қамту орталығының мемлекеттік бағдарламалармен атқарылған жұмыстары туралы орталықтың директоры С.Иманғалиев хабарлама жасады. Ауыл әкімі өз хабарламасы арқылы бірнеше мәселелерді ұсынды. Оның ішінде жайылым аздығы, Көкөріс ауылына баратын кірме жол мен медициналық орталықтың күрделі жөндеуі, Бұлдырты су арнасын тазалау жұмыстары мен ауылдан қалаға қатынайтын көліктің мәселесі, ауыл ішіндегі көше жолдары, саябақ пен ауыз су, балаларға қажетті спорт орталығы мен кірме жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы болды. Тұрғындар тарапынан ауыз судың тазалығы, интернет нашарлығы мен мал жайылым жерінің аздығы мазалайтынын айтып аманат етті. Алдағы уақытта осы істің жоспарлы түрде кезең кезеңімен атқарылуына атсалысып, тиісті қаражаттың оңтайлы шешілеріне үміт артамыз. Ауылдағы қордаланған кей мәселелерге арнайы мекемелер қайта айналып келуге уәде етті. Әрбір сала бойынша жеке жеке келесі жазбамда тоқталатын боламын. Мәселе көп, қаражат жоқ. Бірақ соған қарамастан қолдан келген шауалар өз кезегімен атқарыла беретін болады.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/891-31-03-2022-zhyl-deputat-k-ni-b-ldyrtyda.html#sigFreeId41eb1e22e3
Көшпелі қоғамдық қабылдау барысында Сырым аудандық ветеринария станция мекемесінің басшысы Армат Шалбайұлы Жұралиев хабарлама жасады. Ауыл тұрғындарына мал ауруларының алдын алу, вакцинация жасатудың тиімділігі мен оның түрлері, иттерді атудың тәртіптері туралы түсіндірілді. Тұрғындар өз сұрақтарына жауап алды. Ауыл елдің бесігі десек, сол бесіктің төрі төрт түлікпен ғана көрікті. Ішсе сусын, кисе киім болатын төрт түлік малды атам қазақ ықылым заманнан бері ұстап келе жатсада, бүгінгінің адамдарының жолында түрлі кедергілер баршылық. Оған себепте жоқ емес. Әсіресе мал жайылымының аздығы, жерге қатысты түрлі даулардың бар екеніде белгілі. Қожалықтардың жері мен жекенің малы үшін жерге талас күшейіп келеді. Мал саны көбейген сайын жер тарлық етері сөзсіз. Бос жер жоқ болғанмен, меншігіндегі жерді пайдаланбай отырғандардан жерді қайтару жұмыстарының процесі де тым көп уақыт алатыны қынжылтады. Өзгеріс жасау керек болса, жер дауына да қатысты арнайы мамандармен кездесіп үкіметтің өзі де ниетті болып бір жолдарын қарастырса нұр үсітіне нұр болар еді.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/891-31-03-2022-zhyl-deputat-k-ni-b-ldyrtyda.html#sigFreeIdb201d72bb1
Көшпелі қоғамдық қабылдау барысында Сырым аудандық кәсіпкерлік пен ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Қайратұлы Усағалиевтің хабарламасы тыңдалды. Бұлдырты ауылы ең көп шаруа қожалықтарымен қатар, табиғаты бай аймақтардың бірі. Ондағы Амантоғайдың өзі тұнып тұрған қазына. Бірақ мәселе де жоқ емес, олардың қатарында мал азығын дайындау жұмыстары, мал басын асылдандыру мен субсидия алу жолдары, екпе шөп егу, кооперативтер құру туралы өзекті мәселелер қамтылды. Атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылатын жұмыстар туралы сала басшысы кеңінен тоқталып, тұрғындарға түсінік беріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасау барысында ауыл әкімінің де ықпалын айтып өтті.
***
Көшпелі қоғамдық қабылдау барысында Сырым аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Саламат Хамидоллаұлы Иманғалиев хабарлама жасады. Сала басшысы жұмыспен қамту саласындағы Еңбек бағдарламасының орындалуы туралы, кәсіптік дамыту жөніндегі ұлттық жобаның негізгі басымдықтарын атап өтті. Қазыргі таңда ауылда 300 ге жуық жұмыссыз ресми тіркеуде тұрса, оның 75 отбасы тұрақты Атаулы Әлеуметтік Көмекпен қамтылған. Тұрғындарды мазалаған гранттар мәселесі туралы айтылып биылғы өзгерістерге тоқталды. Еңбек бағдарламасы аясында гранттардың еке есеге өскені, кәсіптік оқыту тек қана жұмыс берушінің өтінішіне қарай оқитыны, ол оқуға баратын адам 4 жақты келісім жасайтыны, бұрынғы Бастау – бизнес жобасы алынып тасталғаны туралы кеңінен айтылды. Осы салаға қатысты мазалаған сұрақтар болса ауыл әкімі арқылы болмаса тікелей осы саланың мамандарына жолыға алады.
***
Бұлдырты ауылында кеше Сырым аудандық маслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, аудандық AMANAT партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Дарғожиев, депутаттар Ж.Кенжебаев, А.Ниязғалиева, Е.Байдашев, аудандық мекеме басшыларының қатысуымен көшпелі қоғамдық қабылдау аясында ауылда жаңадан ашылған балабақшаға барып былтыр жасалған жөндеудің жұмыстарымен танысты.
Ұядай балабақша өз жұмысын атқарып отыр, оны балалар мен қызметкерлердің жарқын жүзінен аңғардық. Үлкендері жарыса амандасса, кішкентайлары жатырқай қараған балалардан жағдайларының жақсы екенін, ата – анасының алаңсыз қызмет жасауларына болатынын көріп қуандық. Әлі де болса жетіспей жатырған жақтарының бар екенін айтып, алдағы жұмыс жоспарларымен бөліскен балабақша ұжымы бүтін бір ауылдың баласын баптап тәрбиелеп отыр екен. Алдағы уақытта ауланың қоршауы мен абаттандыру жұмыстары, балаларға қажетті ойын алаңдарына сырғанақ, әткеншектер және құм төсеу жұмыстары мен төбеден су тамшылап тұрған жерді жөндеу секілді өтініштер айтылды. Ауыл балаларының жағдайы жақсы болса қуанасың әрине, бірақ бәрі бірдей жақсы бола бермейтініне көп өтпей ақ көз жеткіздік. Балаларға бақытты балалық шақ силай алсақ, еңбектің еленгені әрине?!....
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/891-31-03-2022-zhyl-deputat-k-ni-b-ldyrtyda.html#sigFreeId7eb7f2376e
Балалар үшін балабақшадағы жарқын жүздесуден соң олардың ертеңгі күніне алаңдауға негіз боларлық келесі мәселеге тап болдық. Ол әрине төменгі жер төледегі оқу жаттығумен айналысып жатырған балаларды көргенде болды. Қолқаны қапқан қолаңса иісі бар жертөледе балалар спортпен айналысуға мәжбүр. Осыған дейінде талаай айтылып келе жатырған мәселе биыл шешілеме деген тұрғындардың алғашқы сұрағы болды. Ал біз не айта аламыз?! Жоғарыға қарап баяғы қаражаттың жыры шешілсе бұл мәселенің де аяқталар күні жақын дедік. Жалпы қай ауылдағы мәселенің де шешімі қаражатқа тіреліп тұр. Кез келген құрылыс нысандары үшін бөлінетін қаражат уақытылы шешілсе деген барша ағайынның жанайқайы десек артық айтқан емес.
Сонымен қатар қарсы жақта осы жертөледе қыздарымыз би үйірмесіне қатысады екен.....
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/891-31-03-2022-zhyl-deputat-k-ni-b-ldyrtyda.html#sigFreeId2f21505c70
А.Ойшыбаева
Сырым аудандық мәслихат депутаты