Бүгін аудандық мәслихат депутаты, мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева қабылдауына Жымпиты ауылының тұрғыны М.Ахонов болды. Азамат Жымпиты-Орал-Жымпиты бағытында заңды тіркелмей жолаушылар тасымалдаумен айналысатын такси жүргізушілерге шара қолдану және Жымпиты ауылында такси тұрағын айқындау мәселелерін айтты. Аталған мәселелер бойынша қабылдауға келуші азаматқа заңнамаларға сәйкес түсінік берілді.

Осы заңсыз жолаушылар тасымалдау мен такси тұрағы туралы мәселелер алдағы аптада өтетін "AMANAT" партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысында қаралатын болады