Бүгін көктемнің алғашқы күнімен алғашқы аманатымды, яғни қоғамдық қабылдауымды өткіздім. Қабылдауға келген Сырым таскиінің жүргізуші Ақонов Марат ағамыз такси қызметіндегі қиындықтарын айта келді. Осыған дейін такси қызметкерлерінің мәселесін ортаға салып келеміз. Оларды қынжылтып тұрған заңсыз такси болып жүрген жеке көліктерді тәртіпке шақыратын бір мекеменің болмағаныма дейді. Аудандық полиция басшылығы, жол көлік қызметіне, олар салық басқармасына сілтеп нақты жазбаша жауап беріп, мәселеміздің шешімі мен қатар жазбаша жауабын қолымызға ұстасақ дейді. Иә, қалай болғанда шешілмейтін мәселе жоқ шығар. Тиісті орындармен сөйлесілді, бақылауға алынып жауап беретін болды. Әліптің артын тағы күтеміз. Бастысы қала мен екі аралықты байланыстырып отырған такси қызметініңде өз қиындығы мен қызығы жетерлік. Жол көлік оқиғалары болмай, бастысы аман жүрейік. Жәй жүріп сақ болу шарт. Адам өмірі сіздердің қолдарыңызда! Ол да бір аманат!