Биыл аудандық қоғамдық кеңес құрамы үш жыл мерзімнен соң, қайтадан жаңартылды. Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа құраммен бас қосып, төрағасын, төралқа және түрлі салаларға орай комиссия құрамын бекітті. Қоғамдық кеңестің төрағасы болып бірауыздан ашық дауыс беру арқылы Асхат Дүйсенғалиев сайланды. Кеңестің ережесін Ерлан Мақашев таныстырды.
Одан кейін аудандық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңеске Асхат Дүйсенғалиев төрағалық етіп, аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бас маманы Нұрдәулет Ильясов, кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне орай аудан тұрғындарын газбен қамтамасыз етудің барысы туралы Сырым газ шаруашылығының директоры Жомарт Ессұлтановтың хабарламасы тыңдалды. Сырым ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді болдырмау туралы аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Қайрат Ишанғалиев хабарлама жасады. Сырым аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді болдырмау жайын бөлімнің басшысы Кенжегүл Исатаева мәлімдеді. Алғабас ауылдық округі бойынша, Аралтөбе ауылдық округі бойынша, Бұлан ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді болдырмау туралы округ әкімдері Өркен Әменов, Әділхан Мұхитов, Мұрат Әдігереев хабарлады.
Қоғамдық кеңес мүшелері хабарламаларға орай газ бағасын төмендету, газдың тұрбасын тазалау, сырқат адамды порталға қою жайында сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.
Кеңес жұмысын аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қорытындылады.
«СЫРЫМ ЕЛІ» газеті
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/876-23-03-2022-zhyl-o-amdy-ke-es-otyrysy-tti.html#sigFreeId0ccdd12099