Бүгін аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысы болып өтті. Оған комиссия мүшелері, аудандық мәслихат депутаты, мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Л.Муканова, аудандық орталық аурухана директорының орынбасары М.Саргозиева қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Сырым ауданының эпидемиологиялық жағдайы туралы» Л.Муканова баяндама жасады. Комиссия тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, аудан бойынша есепте жоқ тіркелмеген су құдықтары бойынша шаралар қабылдау, Қосарал ауылының ауыз су сапасын жақсарту бойынша су тазартқыш фильтр қондыруға қаржы бөлу жөнінде аудан әкіміне жазбалай беру қажеттілігі туралы ұсыныс-пікірлер айтылды.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/875-15-02-2022-zhyl-komissiya-otyrysy.html#sigFreeIdeec2c2a201