Кеше, 10.02.2022 жылы аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: «Жұмыс тобына Сырым аудандық Қоғамдық кеңес мүшелегіне кандидаттардан келіп түскен құжаттарды талқылау туралы», «Жұмыс тобының мүшелері Сырым аудандық Қоғамдық кеңес мүшелегіне кандидаттармен әңгімелесу өткізу және ашық дауыс беруді жүргізу туралы».

 

Отырысқа аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысып, топ басшысы А.Батыршин төрағалық етті.

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына конкурсқа қатысуға ниет  білдірген азаматтардың құжаттары заң талаптарына сай, дұрыс тапсырған.

 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша кандидаттармен жеке-жеке әңгімелесу өткізілді; бағалау парақтары толтырылып, хаттамаланды.