03.02.2022 жыл. Такси жүргізушілермен кездесу

 

 

Аудандағы халыққа қызмет көрсетіп отырған бір сала ол такси қызметі. Ауданның халқы қаламен екі ортаға қатынау үшін Сырым таксиінің жүргізушілерінің қызметін 2014 жылдан пайдаланып келе жатыр. Аудандағы такси жүргізушілерімен Сырым аудандық мәслихат хатшысы, депутаттар мен Қоғамдық Кеңестің мүшелері арнайы кездесіп қайтты. Жолаушының амандығына жауапты азаматтардың да айтар уәжіне құлақ түрдік. Газ бағасы түскенмен, бензиннің арзандамағаны, бөлшек саудадағы машинаның темір терсектерінің үш есеге қымбаттағаны, жолдағы кедергілер мен бағаның тағы көтерілмеуі секілді басқада көптеген мәселелер айтылды. Жол көлік оқиғасын болдырмау үшін жан жақтан жанашырлық танытып жіті қадағалауды басты назарда ұстауымыз керек. Заңды түрде өз еңбектерімен қызмет атқарып отырған азаматтардың да отбасын асырап, аман есен жүрулері бәріміз үшінде пайдалы. Себебі, тұтынушы ретінде Сырым таксиінің қызметін міндетті түрде пайдаланамыз. Әр маусымныңда өз кедергілері кездесіп жатады. Бастысы жолдағы көлденең оқиғалардан аман болайық!




Аудандық мәслихат депутаты А.Ойшыбаева.