Аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы болып өтті. Отырыста жұмыс тобының құрамына мүшелерді дауыс беру арқылы іріктеліп, жұмыс тобының басшысы А.Батыршин сайланды. Жұмыс тобы Сырым аудандық Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 15 адамнан, оның ішінде мемлекеттік органдардың өкілі 5 адамнан, коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар қатарынан 10 адамнан қалыптастыру туралы шешім қабылдады. Аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру аудандық «Сырым елі» қоғамдық саяси газетіне жарияланатын болады. Сондай-ақ, аудандық Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын аудандық мәслихаттың сессиясында бекіту үшін әзірленіп ұсынылады.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/850-audandy-o-amdy-ke-esti-alyptastyru-zh-nindegi-zh-mys-tobyny-birinshi-otyrysy-bolyp-tti.html#sigFreeIddd26a0e211