Бүгін Сырым аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Комиссияда "Білім туралы" Заңының аудан бойынша орындалуы туралы, "аудандық кірістер басқармасының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы", "2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы", "аудандық мәслихаттың, мәслихат аппаратының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары", т.б мәселелер қаралды. Мәселелер бойынша хабарламашыларға депутаттар тарапынан сұрақтар қойылды, ұсыныстар айтылды; қаулылар қабылданды.