Бүгін аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева бастаған қоғамдық кеңес мүшелері мен партиялық бақылау тобының мүшелері Алашорда көшесіндегі жаңа музейдің ішкі құрылыс жұмыстарының барысымен танысып қайтты.
Аудандық мәслихат хатшысы Шынар Сайлауқызы мердігерлерге жарық өшкен кезде іске қосылатын жылу генераторы болуы керектігін және төтенше жағдай кезінде қолданысқа арналған есіктің сапасы сын көтермей тұрғанын, есік жиектерінің қалың резинамен оралып, боялуын тапсырды. Одан бөлек, желдеткіш құрылғыларының да сапасын тексерді. Айта кету керек, "Компания Строй Индустрия" ЖШС мердігер компанияның кепілдік мерзімі 2 жыл. Мәслихат хатшысы мен қоғамдық кеңес мүшелері, партиялық бақылау тобы аталмыш жұмыстардың жоғары деңгейде орындалуын алдағы уақытта да жіті назарда ұстайтын болды.
тілші, Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/833-25-11-2021-zhyl-zha-a-muzejdi-zhaj-k-jimen-tanysty.html#sigFreeId6937c3d791