Аудандық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық кеңестің төрағасы Асхат Дүйсенғалиев төрағалық етіп, кеңес мүшелері, аудан әкімі Т.Төреғалиев, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі аудандағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың қысқы маусымға дайындық жұмыстары туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Тимур Айтқалиев баяндама жасады. Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Саламат Иманғалиев ауданда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының аудан көлемінде орындалуы мен бөлінген қаржының игерілуі бағытында атқарылған жұмыстар жайында мәлімдеді. Сырым аудандық электр торабының басшысы Мақат Шамар мекеменің жылдық жұмысын қорытындылады.
Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Асхат Дүйсенғалиев кеңестің келер жылғы жоспарымен таныстырды.
Қоғамдық кеңестің экономикалық нақты даму секторы, кәсіпкерлік саласы, ауыл шаруашылығы, табиғатты пайдалану және экологиялық қауіпсіздік, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасы Тауфик Елеубаев пікірін білдірсе, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев, Бұлан ауылдық округінің әкімі Мұрат Әділгереев жарыссөзге шықты.
Қоғамдық кеңестің соңында кеңес төрағасы А.Дүйсенғалиевтің хабарламасы қатерге алынып, 2022 жылдың жоспарын бекіту жөнінде қаулы етілді.
«Сырым елі»
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/832-19-11-2021-zhyl-o-amdy-ke-es-bas-osty.html#sigFreeIdb59b5c3803