08.11.2021 жыл. Комиссия отырысы.

 

Өткен аптада аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Оған аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Даргужиев Талғат Мұратұлы төрағалық етті.

 

Күн тәртібінде «Сырым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №63-2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.»; «Сырым ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы»; «Сырым ауданының Құрмет грамотасымен» марапаттау туралы»; Қызылағаш, Саралжын, Жаңақоныс, Жырақұдық, Қарағанды, Қособа, Құспанкөл және Талдыбұлақ ауылдарының шекараларын (шегін) белгілеу туралы; Сырым ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы; Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы №27-1 «Сырым ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалып,сұрақтар қойылып талқыланды, тиісті қаулылар алынды.