28.09.2021 жыл. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

 

Аудан әкімдігінің үлкен залында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Асхат Дүйсенғалиевтің төрағалық етуімен қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Кеңестің отырысына аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, аудан әкімінің орынбасары Асланбек Саркулов, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері, дербес бөлімдері мен мекеме басшылары, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Кенжебек Құспаев, аудандық аурухананың директоры Роза Тахамбетова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ержан Махметов арнайы қатысты.

Отырыстың күн тәртібі бойынша аудандық полиция бөлімінің аудандағы қоғамдық тәртіппен қылмысқа қарсы күресті нығайтудағы жұмысы туралы Кенжебек Құспаев, денсаулық сақтау саласы бойынша аудандағы атқарылып жатырған жұмыстар туралы Роза Тахамбетова, Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің – «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын» іске асыру барысы туралы Ержан Махметов хабарламалар жасады.

Баяндамашылардың жасаған хабарламасы бойынша, алдағы уақытта аудандағы қоғамдық тәртіппен, қылмыс жасаушылықтың алдын алу және полиция бөлімінің қызметін одан әрі жетілдіріп, жауапкершілігін күшейту, ауданның денсаулық сақтау саласында тұрғындар денсаулығын нығайту мақсатында сапалы медициналық көмек көрсету және халық арасында түсінік жұмыстарын одан әрі қарай жүргізу, алдағы уақыттағы денешынықтыру мен спорт саласындағы қызметін нығайту мақсатында тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын одан әрі қарай жүргізу тиісті сала басшыларына тапсырылды.

 

тілші Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Сырым ауданы