Сырым ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Нариман Төреғалиев, Ләззат Рысбекова, облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева жұмыс сапарымен келді.

 

Сенаторлар мен аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева ең алдымен Шолақаңқаты ауылдық округіндегі «Нұрдәулет» шаруа қожалығының мал азығын дайындау жұмыстарымен танысып, өзге де шаруа қожалық жетекшілерімен кездесті.

 

Биылғы жыл жаңбырлы маусым болғанымен, мал азығын жинайтын құрылғылар, техникалар, тіптен бума жіптің бағасы шарықтап тұр. Ресейлік сапалы десек те, қазақстандық отандық өнімдер де арзан емес. Қос бүйірден қысып тұр,- деп қынжылды қожалық жетекшілері.

 

Қожалық жетекшілерінің сөзін қолдаған жерлесіміз, облыстық мәслихат депутаты Ғанимат Нұрмұханов та ашынған ауылдастарының сөзіне тұздық ретінде «осыдан бірнеше жыл бұрын алған 2-3 млн теңге көлеміндегі техникалар бүгінгі таңда 10 млн теңгенің о жақ бұ жағы»,- дейді депутат.

 

Сонымен қатар, «Жымпиты-Ақсай» бағытындағы жол құрылысының жұмыстарымен танысты. 2021-2023 жылдарға жоспарланған жол құрылысының жалпы құны 18 млрд-тай теңгені құрайды.

 

Жұмыс сапарымен келген депутаттар елдің қарияларымен кездесіп, бата-батиқаларын алды.

 

Одан бөлек, аудан орталығы Жымпитыда орналасқан «Жібек жолы» автокешенінің супермаркет сауда орнының тынысымен танысты.

 

"Жібек жолы" супермаркетінде бағалар көңіл қуантарлық. Олай дейтініміз, ет, картоп бағалары өзге дүкендерге қарағанда, бағасы әлдеқайда тиімді екені байқалды.

 

Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ тілші,

Сырым ауданы