Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Асхат Дүйсенғалиевтің төрағалық етуімен отырыс өткізілді.

 

Қоғамдық кеңестің отырысына аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімінің аппарат басшысы, ауылдық округтің әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

 

Кеңес жұмысында белгіленген күн тәртібіне орай «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Сырым аудандық білім беру бөлімінде атқарылып жатырған жұмыстар туралы» аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Жанболсынов және ауданда "эпизоотиялық жағдай және мал дәрігерлік іс-шараларын өткізу жағдайлары туралы" аудандық ветеринариялық станциясы директорының міндетін атқарушы Әселхан Хамзина хабарламалар жасады.

 

Хабарламалар бойынша Қособа, Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімдері Бейімбет Жайманов, Ерлан Журалиев мінбеге көтеріліп, пікірлерін айтты.

 

Отырыста қоғамдық кеңестің жұмысы әркезде де қоғаммен, халықпен тығыз байланыста болатындығы сөз болды. Бұл пікірді басқа сөйлеушілер де кеңінен қолдады.

 

Мүсірбек ӘЛІБЕКҰЛЫ,

Сырым ауданы