"Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаты Ж.Ж.Кенжебаев азаматтарды қабылдады. Қабылдау онлайн түрде өткізілді. Қабылдауға жолыққан Жымпиты ауылының тұрғыны өз жеке кәсібін ашу үшін қайтарымсыз грант алғысы келетінің, алу жолдарын және бағдарламаны түсіндіруін сұрады.

 

Қабылдау барысында аудандық мәслихат депутаты қолдаңыстағы заңдарға сәйкес түсініктеме мен консультативтік-құқықтық кеңес берді. Көтерілген мәселе бойынша жұмыспен қамту орталығымен байланыстырып оңтайлы шешілуін бақылауда ұстайтынын жеткізді.