Бүгін Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Ш.Дүйсенғалиева, филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев, аудандық мәслихат депутаты Ж.Кенжебаев Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Тоғанас ауылына баратын кіреберіс жолдың орташа жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізді. Нысанның басында мердігер «Айдана» ЖШС – ның директоры Армен Амирханян. Құны 741 млн.теңге. Бүгінде 7,5 шақырым жол асфальтталған. Ауыспалы тәртіппен жұмыстың қалған бөлігі биыл, нақтырақ айтсақ маусым айының соңына дейін аяқталмақ.
Аталмыш жоба "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасына енгізілген болатын. Кіреберіс жолдың округ үшін де, аудан үшін де стратегиялық маңызы бар. Біріншіден тақтайдай трасса тұрғындардың өмір сапасын арттырады, екіншіден округті инвесторлар үшін тартымды етеді.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/777-25-05-2021-zhyl-deputatty-ba-ylau.html#sigFreeId29da2404c4