Осыған дейін Өлеңті ауылының тұрғыны Асылбек Давлеев аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Ширмединұлына ауыл жастарына кәсіпкерлік бастамаларға қолдау, мемлекет бағдарламалар туралы кеңес беретін мамандармен жүздестіруді сұраған еді. Кеше аудандық мәслихат депутаты Б. Ширмединұлы Өлеңтіде округ әкімі, ауылшаруашылығы бөлімі, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік палатасы мамандарын қатыстырып, қоғамдық қабылдау өткізді.