Бүгін аудандық мәслихат депутаты А.Балғалиев «NurOtan» партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдады. Қабылдауда болған көп балалы тұлға несие алып, мал шаруашылығымен айналысқысы келетіндігін жеткізді. Несиелік бағдарламалар жөнінде толық кеңес берілді. Талдау нәтижесінде азаматқа "АШҚҚҚ" АҚ-ның "Игілік" бағдарламасы бойынша несие алып, жұмыстану ұсынылды. Құжаттарын жинақтап, сүйемелдеу үшін " Атамекен" ҰКП Сырым аудандық филиалына жолданды.