17.07.2020 жыл.
Кезекті сессия.
Кеше, 16.07.2020 жылы, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы болып өтті. Елдегі жағдайға байланысты сессия онлайн режимінде өткізіліп, оған аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде негізгі мәселелер - ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудан әкімінің есебі, мүгедектерді әлеуметтік қолдау саясатының жүзеге асыру бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының атқарған жұмыстары тыңдалды. Аталған екі мәселе бойынша депутаттар тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылды: елді мекендерді ауыз сумен қамту, мүгедектерді әлеуметтік қолдау бағытында әлі де нақты атқарылу қажет мәселелер, әсіресе қазіргі елдегі ахуалға байланысты мүгедектерді материалдық, моральды қолдау жұмыстары, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/m-slikhat-sessiyalary/712-kezekti-sessiya-3.html#sigFreeIdea1de37007