2015 жылдың 6 тамызы күні аудандық мәслихаттың кезекті ХХІХ сессиясы болып өтті.

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 11  депутат,  аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық  мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  тізім бойынша шақырылған адамдар және  облыстық мәслихаттың депутаты Жаңбырбаев Ғабдрахим Маралұлы қатысты.

Сессияны №12 Шолақаңқаты сайлау округінен депутат Сабырғали Сағынғалиұлы Кударов ашып жүргізді.

Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1.  Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жәйі туралы аудан әкімінің есебі

Баяндамашы: А.Шыныбеков - Сырым ауданының әкімі

2.  Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №25-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

3.  Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Хабарламашы: А. Галимов - аудандық мәслихаттың хатшысы