Бүгін "AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау тобы аудан орталығындағы дәріханаларға мониторинг жүргізді. 32 түрлі дәрі-дәрмектердің бағалары бекітілген шекті бағалардан аспайды. Күнделікті жиі қолданылатын дәрілердің бағасы шекті бағадан төмен. Дәрілердің қоры жеткілікті. Тапсырысқа сәйкес аптасына бір рет облыс орталығынан дәрілер жеткізіліп тұрады. Бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі жүргізілмек.