"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы аудан көлеміндегі электр трансформаторларының қауіпсіздігіне сараптама және бақылау жұмыстарын жүргізуде.

Сырым ауданы бойынша бүгінгі таңда 149 электр трансформаторы бар. Бүгінгі таңда 112 электр трансформаторлары қоршалған, қалған 37-сі талапқа сай емес, яғни қоршалмаған. Қоршалмау себебі қаржы мәселесіне тіреліп отыр. Бұл жерде басты мәселе қауіпсіздік мәселесі, адам өмірі.

Сондықтан да бүгінгі таңда партия және қоғам белсенділері мен маслихат депутаттары арнайы ауылдардағы халықпен кездесулерде, сол ауылдың кәсіпкерлері мен қожалық иелеріне ұсыныс жасап, бірлесе жұмыс атқаруға шақырып отыр. Жетікөл ауылдық округіне қарасты шаруашылық иелері өз қаражаты есебінен қоршауға ниет білдіріп отыр. Осындай жұмыстар қалған ауылдық округтерде де жауапты мекелермен бірлесе отырып ұйымдастырылмақ.