"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалы жанынан əлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға құрылған мониторинг топ мүшелері аудан орталығындағы азық-түлік сататын дүкендерде болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша мониторинг жүргізуде.

Сараптама барысында өткен аптадағы мониторинг жасау барысында анықталған бағалардан көп айырмашылығы жоқ. Дүкен иелеріне бағаларды тұрақты ұстап тұруға және бағаны негізсіз көтеру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әр апта сайын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына тұрақты түрде бақылау және талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады.