Бүгін «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында партия филиалының төрағасы , аудан әкімі Т.Төреғалиевтің, саяси кеңес және бюро мүшелерінің, маслихат депутаттарының, бастауыш партия ұйымы төрағаларының, жастардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен партияның актив жиыны өткізілді. Күн тәртібінде бір ғана мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі күні Қазақстан халқына жолдаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ: БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын талқылау, халық арасында насихаттау, одан туындайтын міндеттерді аудан көлемінде партия тарапынан қолдау білдіріп, орындалуына жұмыстану. Актив жыны барысында партия филиалы төрағасы, аудан әкімі Т.Төреғалиев, «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Даргужиев, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, аудандық маслихаттың хатшысы Ш.Дүйсенғалиевалар сөз сөйлеп, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы, партия белсенділері маңызды міндеттер, түйінді тапсырмалар тізбектелген Президент Жолдауын толығымен қолдайтындығын және оны жүзеге асыруға партияның жүйелі түрде жұмыстанатындықтарын жеткізді. Актив отырыс соңында арнайы қарар қабылданып, тапсырмалар бекітілді
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/945-05-09-2022-zhyl-zholdau-bojynsha-aktiv-zhiyny.html#sigFreeId602ecf0f50