"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы аудан орталығында орналасқан жанар-жағар май бекеттеріне барып, бағаларына сараптама жұмыстарын жүргізді. Аудан орталығы Жымпиты ауылында 5 жанар-жағар май құю бекеті бар. Барлығы да Самара-Шымкент халықаралық трассасының бойында орналасқан. Сараптамаға қарасақ А-95 бензині үш жанар-жағар май бекетінде литрі 204 теңгеден болса, НЕФТЕК те - 239 теңге, Москвичиде - 235 теңгеден.Орташа бағасы ауданда 217 теңгеден келеді. А-92 бензині үш бекетте 172 теңгеден, НЕФТЕК те 177 теңгеден, ең арзаны Москвичи бекетінде 166 теңгеден литрі. Ауданда орташа бағасы 171 теңгеден келеді. Қазіргі таңда науқанға байланысты көп айтылатын, әңгімесі көп дизельдік отынның бағасы үш (SINOOIL, QAZAQ OIL, MОСКВИЧИ) жанар-жағар май құю бекетінде қазақстандық жүк көліктеріне литрі 260 теңгеден, шетелдік жүк көліктеріне литрі 450 теңгеден. Литрдің көлемі шектеулі бір транспортқа 100 литрден ғана беріледі. Ал газдың бағасы литрі 60 теңгеден. Мұндай сараптама жұмыстары алдағы уақытта да жүргізіліп отырылады.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/942-02-09-2022-zhyl-zhanar-zha-ar-maj-ba-alaryna-monitoring.html#sigFreeIddf4a447ee6