21.01.2022 жыл. Тұрғындармен кездесу.

 

Бүгін Өлеңті ауылының тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуді Жымпиты ауылдық округінің әкімі М.Қайргалиев жүргізді. Жиналысқа Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, мекемелер мен бөлім басшылары және депутаттар қатысты. Тұрғындарға жол, жарық, тазалық, тәртіп мәселелері мен әлеуметтік көмек алу жолдары жіті түсіндірілді. Ауылдағы эпид ахуал туралы аудандық Сырым Аудандык Аурухана басшысы Р.Тахамбетова түсінік беріп өтті. Туындаған мәселелерді алдағы уақытта бірлесіп шешуге уағдаласқан тұрғындар, қордаланған мәселелеріміз дер кезінде шешімін тапса деп тілек айтты. Басшылар мен қауіпсіздік шарасына қатысты құзырлы мекеме өкілдері тұрғындардың ауыл тазалығы мен тыныштығы өз қолдарында екенін айтып түсінік жұмыстары жалғаса береді деп тарқасты.

 

 

 

А. Ойшыбаева

А. Ниязғалиева

Сырым Аудандық мәслихат депутаттары,

Әлеуметтік саланың тұрақты комиссия мүшелері