14.10.2021 жыл. Депутат қабылдауы.
Бүгін, "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау кестесіне сәйкес "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының жанындағы бақылау комиссиясының төрайымы, аудандық мәслихат хатшысы Ш.С.Дүйсенғалиева аудан тұрғындарын онлайн және офлайн жүйесінде қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың негізгі мәселелері тұрғын үй, тұрақты жұмысқа орналасуы жөнінде. Қабылданушыларға заңға сәйкес жауап беріліп, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.