Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы онлайн форматта болып өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге ауылдық округ әкімдері және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарлама жасаушылар қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер: ауданда тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу және тұрғын үйлерді бөлу тәртібін ұйымдастыру жөнінде жұмысы туралы;
Аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2020 жылы және 2021 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы;
Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы;
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт саласын дамыту бойынша атқарған жұмыстары туралы;
Сырым ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы;
Сырым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №63-2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша хабарламашыларға депутаттар тарапынан бірнеше сауалдар қойылды. Талқыланған мәселелерге қатысты қоқыс жәшіктерінің айналасының тазалығын қадағалау, уақытылы төгілу қажеттілігі, спорт алаңдарын жарықтандыру... ұсыныстары айтылды.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/788-13-07-2021-zhyl-komissiya-otyrysy.html#sigFreeIdb379d7c25d