Елімізде 28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Осыған орай аудандық "Сырым елі" қоғамдық-саяси газетінің редакторы, әріптесіміз-аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Ширмединулы н және газет ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз.
Қазіргі ақпарат ағыны өте көп, әрі жылдам таралып жатқан уақытта "Сырым елі" де аудан тұрғындары мен оқырмандарын қоғамдағы маңызды тақырыптарда ойлы мақалалар жазып, мемлекеттік органдардың атқарылған жұмыстарынан хабардар етіп, ауданда өткізіліп жатырған іс-шаралар, игілікті істер туралы, яғни барлық тыныс тіршілігін газет бетіне басып, әлеуметтік желілердегі парақшаларға дер кезінде, үздіксіз жариялап келеді.
Аудандағы нәтижелі, жетістіктермен бірге өзекті, шешілуі қажет материалдар да шығарылады. Бұл өз кезегінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық мәселелердің оңтайлы шешілуіне, елдің дамуына, ынтымағымыздың нығаюына ықпал етуде.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, жауапты еңбектеріңізге шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға амандық, береке тілеймін. Егеменді еліміздің жарқын даму жолының жаршысы болыңыздар, аудан жұртшылығын қуантар жағымды жаңалықтарымыз көп болсын.
Аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева