Бүгін "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық маслихаттың депутаты, филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Дүйсенғалиева Шынар Сайлауқызы онлайн және офлайн жүйесінде қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда Жымпиты, Жосалы, Қособа ауылдық округтерінің тұрғындары болды. Қабылдауда болған аудан тұрғындарының басты мәселелері тұрақты жұмыс, несие, материалдық көмек және тұрғын үй мәселелері.