23.06.2021 жыл. Құттықтау.

 

 

 

Құрметті Сырым ауданының мемлекеттік қызметшілері мен сала ардагерлері!

 

Сіздерді бүгінгі кәсіби мереке – 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын!

 

Әр азаматқа ел үшін еңбек ету үлкен міндет. Соның ішінде мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі болып табылады. Мемлекеттік қызметті атқару қызметкерге терең біліктілікті, мол тәжірибені, үлкен жауапкершілікті, төзімділікті талап етеді. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы үшін жауапкершілік жүгі мемлекеттік қызметшілерге артылады. Сіздердің осындай жауапты салада еліміздің болашағына, оның өркендеуіне қосқан еңбектеріңіздің зор екендігі мәлім және баршаңызға алғысымды білдіремін.

 

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай келе, ел игілігі жолындағы еңбектеріңіздің барлық бастамаларына сәттілік, жетістік, мол табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін.  

 

 

Құрметпен,

Сырым аудандық мәслихат хатшысы Шынар Сайлауқызы Дуйсенгалиева.